Полиция қызметкерлеріне дін мәселелері түсіндірілді

    244

    16 тамыз. KAZISLAM – Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында іс-шара өткізді.

    Аталған іс-шараның мақсаты — діни сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды жалған діни ағымдардың ықпалына қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және олардың идеологиялық ықпалына теріс көзқарасты қалыптастыру.

    Іс-шара барысында зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы мемлекеттік саясатты, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру жөнінде түсіндірілді.

    Кездесуге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының инспектор-маманы Б.Күзекбай қатысты.

    Кездесу барысында теріс пиғылды жалған діни ағымдар туралы толық ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер мен жаднамалар, жалған діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларға консультациялық және ақпараттық көмек көрсету бойынша байланыс телефондары таратылды.