Павлодар имамдары қаза болған отбасы балаларына көмек берді

    237

    Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Павлодарлық имамдар газдан уланып қайтыс болған отбасы балаларына көмек көрсетті.

    Ұзынбұлақ ауылында өткен жаназада Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің бас имамы Саян Кожин облыс өкіл имамы және барлық имамдар атынан туыстарына сабырлылық тілеп,  көңіл айта келе,   мешіт имамдары мен жамағатының, аудандық білім бөлімі мен ұстаздарының атынан жиналған  616 мың  теңге   батаға берді. «Туыстары  көмегімізге разылығын айтты.  Ал Астанада болған қайғылы жағдайға ертең имамдар атынан 200 мың теңге аударамыз» дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

    Жуырда Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы  ысты газдан улану салдарынан ажал құшқан еді. Артында қалған 2 қыз бала қазіргі таңда ұстаздар мен дәрігерлердің бақылауына алынған. Отбасы әлеуметтік әлжуаз топқа жатады.