Оқушылар Рамазан флешмобын ұйымдастырды

    0
    251

    Шешенстан астанасында қасиетті Рамазан айының құрметіне оқушылар флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Islam.ru.

    Қалалық мектеп оқушылары орталық алаңға шығып «Біз Алланы сүйеміз!» жазуын бейнеледі. Шараға 600 оқушы қатысқан.

    Рамазан айының құрметіне ел астанасында тағы бір маңызды шара өтті. Грозный парктің бірінде «әл-Мүминун» әншілер тобының Алланы мадақтаған, Рамазан айының қадір-қасиетін сипаттаған концерттік қойылымын көпшілік қызығушылықпен тамашалады.