Оқушыларға «Ананың ақ сүті» қойылымы  ұсынылды

    109

    12 қараша. KAZISLAM – Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асар» ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен Мұнайлы ауданы, Баянды ауылының №8 жалпы орта мектеп оқушыларының назарына «Ананың ақ сүті» қойылымы  ұсынылды.

    Қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселені қозғаған бұл драманың басты мақсаты – ананың ақ сүтін ақтауға және қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетіп қалмаулары үшін жат ағымның алдын-алу және адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жақсыға шақырып, жамандықтан тыю болып табылады.

    Қойылым барысында жат ағымның жетегіне кеткен баланың отбасына тигізген кесапаты, қоғамға әкелген қасіреті көрсетіледі. Яғни, оның жастар үшін қандай күрделі құбылыс екені сахналанды.

    Қойылым соңында оқытушылар мен білім алушылар қойылым бойынша жағымды ой-пікірлерін білдірді.

    Пікір жазу