Жаңалықтар

Катар билігінен терроризмді қаржыландырмау талап етілді

Астана. 29 маусым. KAZISLAM – Абу-Даби Катар билігінен тағы да «террористік топтар мен жекелеген террористерге қолдау көрсетуді тоқтатуды» талап етті және Катар азаматтарына қатысты әмірлік тарапынан құқықбұзушылық болмағанын мәлімдеді.

Мұндай мәлімдемені Біріккен араб әмірлігі өкілдері БҰҰ Халықаралық сотында жасады. Халықаралық сот отырысында Катар билігі ел азаматтарына қарсы қысым жасаушы мемлекеттерді жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген еді.

Ресми Абу-Даби бұл айыптауларды терістеп, Катармен қарым-қатынасты тоқтатуға олардың «терроризмді қолдауы, көрші елдердің ішкі істеріне араласуы және өшпенділікті таратуы» себеп болғанын хабарлады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close