Отбасы құндылықтары туралы

    126

    Отбасы құндылықтары – некеге тұрған ерлі-зайыпты адамдардың отбасын сақтау үшін қолданатын салт-дәстүрі болып табылады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтарға сәйкес отбасы мүшелері бір-біріне сыйластықпен қарап, қамқорлық көрсетеді және «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағитаты сақталады.

    Бұндай отбасында бала тәрбиесіне аса зор мән беріледі, содай-ақ, өмірге келген сәби ата-анасының, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, өздерінің ата-тегін біліп, сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Отбасында баланың діни көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары қалыптасады.

    «Отан – отбасынан басталады» деп айтқан халқымыз отбасының қоғамдағы орнының ерекше екенін аңғартса керек.

    Сондай-ақ, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2-бабының 3-тармағында тек мемлекеттік органдар қиған неке ғана танылатыны атап көрсетілген.

    Заңның аталған бабына сәйкес діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

    Сондай-ақ, ресми орындарда тіркелмесе еркек пен әйелдің бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.

    Пікір жазу