«Ореn Air» форматында түсіндіру жұмысы жүргізілді

    388

    19 маусым. KAZISLAM – Алматы облысы Көксу ауданында «Ореn Air» форматында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті, деп жазады Алматы облысы Дін істері басқармасының ресми сайты.

    Шара Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы автобекет пен Орталық базарында «Ореn Air» форматында «Дін тұтастығы – ел бірлігі» атты сурет көрмесі және кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Түсіндіру жұмыстары барысында саудагерлер, тұтынушылар, такси жүргізушілері, жалпы саны 500-ге жуық адам қамтылып, тұрғындардың дін саласындағы сұрақтарына мамандар жауап беріп, ақпараттық парақшалар таратылды.