Ораза айт намазын оқу міндет пе?

    0
    423

    Жаһилиет дәуірінде Ясриф халқы жыл сайын екі мерекені ұлан-асыр тойлайтын еді. Алла елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға хижрет еткен кезде, жергілікті тұрғындардың бұл мерекесін көріп: «Жаббар Хақ бұл мейрамдарыңызды фитр (ораза) айт және Құрбан айт мерекесі етіп алмастырды», деп надандық дәуірінің (жаһилиет) сарқыншақтарын Ұлы Жаратушыға деген шынайы құлшылыққа трансформациялаған болатын. Тарихи деректерде алғашғы Ораза айт мерекесі 624 жылы тойланды.

    Фиқһ кітаптарында Ораза айттағы таңалаукемде оқылатын намазға Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Айтты тәкбірмен көркемдеңіз» деген хадисін негізгі дәлелге алады.

    Имам Ағзам Әбу Ханифа және оның ізбасарлары Кәусар сүресіндегі فَصَلِّ لِرَبِّكَ «Фасалли ли Раббике…» (Сол себепті айт намазын оқы) деп Ораза айт намазы меңзелген» деп біледі. Сондықтан да, ханафи мәзһабының фиқһ үкімінде Ораза айтының намызын оқу уәжіп (міндетті) деп есептелінеді.

    Әһлі-сүннеттегі өзге шафиғи, малики мәзһабында сүннет амалы ретінде қарастырылады.

    Имам Ахмад Ханбал ғана Ораза айт намазын парыз кифая (ешкім қылмаса, барлығына күнә жазылады) деп таныған.

    Мұхан Исахан