Омар ибн Хаттаб пен балық

    0
    418

    Күндердің күнінде халифа Омар Ибн Хаттаб Мәдина халқынан балықтың дәмді болатынын естіп, дәм ауыз тигісі келеді. Содан ертесіне бір кісіні шақыртып, оған қызыл теңізден балық алып келуін сұрайды. Ол жолға шығып 2 күн бойы сапар шегіп, балық аулап Мәдинаға алып келеді. Теңіздің ұзақтығы оны және мінген атын қатты шаршатады. Ол Омар Ибн Хаттабтың үйіне келіп әлгі балықты алдына қояды. Омар оның және атының түріне қарап, қатты шаршағандарын байқап өзіне:

    — Ей, Омар! Сен өзіңнің жеке нәпсіңе беріліп, мына кісінің шаршауына себепкер болдың. Енді қалай ғана мына балықты жемекшісің, — деп қатты қапаланып, одан кейін өзінің жеке басының шаруасымен ешкімді сапарға шығармаған екен.

    Жалғас Асхатұлы,

    дінтанушы