Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ: «Құлшылықты тек Құран мен хадис деп түсіну – қателік»

    0
    189

    Нұр-Сұлтан. 2 сәуір. KAZISLAM – Белгілі абайтанушы-ғалым Омар Жәлелұлы «Ой түбінде жатқан сөз» сұхбат бағдарламасында бүгінгі таңда мұсылман мемлекеттерінде ғылым-білімнің дамымай жатқанының басты себебін айтты.

    Ол бағдарлама жүргізушісі Ахметбек Нұрсиланың «Ислам мемлекеттері неліктен Еуропа елдері секілді дамымай жатыр?» деген сұрағына:

    «Біз мұсылманшылықты дұрыс түсініп жүрген жоқпыз. Бұрын дін мен ғылым егіз болған кезде ислам мемлекеттері дүркіреп тұрды. Мұсылман әлемінде Ибн Сина, Ибн Рушд және басқа да ғалымдардың есімі математикадан бастап медицина саласына дейін бірге аталады. Менің ойымша ықпалды күштердің әсерінен дін ғылымнан ажырап, одан кейін қазіргі мұсылман үмметі құлшылықты тек қана Құран, хадис деп ұғынып, қателесіп жатыр. Негізінен, шын құлшылық, ол – ғылым. Сондықтан, данышпан Абай «Ғылымға ғашық болсаң, Жаратушыға да ғашық болғаның» дейді. Сондай-ақ, қазіргі мұсылмандар дүниетанымдық көзқарасындағы қателіктерін түзетпейінше ғылым-білім дамымайды,-деп жауап берді.