Нұр-Сұлтанда Мәуліт кеші өтеді

    79

    20 қараша. KAZISLAM – Адамзаттың абзалы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз туған Мәуліт айының құрметіне орай 24 қараша күні «Астана» концерт залында «Ғаламның рақым нұры» атты рухани кеш өтеді, деп жазады muftyat.kz.

    ҚМДБ нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Мәуліт мерекесінде Хақ Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар жолданып, екі дүние сардарының сүннеті мен өсиеті жаңғыра түсетін болмақ. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін берекелі кеш барысында тағылымды әндер мен терме тыңдап, арнайы қойылым тамашалауға болады.

    Мейірім мен махаббаттың қайнар бұлағы болған Ұлы шапағатшы, адамдардың мырзасы, Пайғамбарлардың сұлтаны – Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесінен сусындап, өмірлік азық алғыңыз келсе, Мәуліт кешіне келіңіздер!

    Басталуы: 24 қараша, сағат 11.00-де.

    Өтетін орны: «Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс холл)

    Билеттерді елорда мешіттерінен сатып алуға болады.

    Пікір жазу