Нұр-Сұлтандағы «Әлжан ана» мешітіне бас имам тағайындалды

    1387

    Нұр-Сұлтан. 12 шілде. KAZISLAM – Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Серікбай Әділхан Иманәліұлы  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

    Бұған дейін «Нұр-Астана» мешітінде бірнеше жыл наиб имам қызметін атқарған Ә.Иманәліұлын «Әлжан ана» мешітінің жамағатына республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

    Қазіргі Түркістан облысы, Мақтарал ауданының тумасы Ә.Иманәліұлы 2015 жылы Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының, 2017 жылы ҚМДБ төрағасы, бас муфтидің, 2017 жылы Астана қаласының әкімінің, 2017 жылы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысының, 2018 жылы Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

    Қазақ, араб, парсы, түрік, өзбек тілдерін еркін меңгерген. Қари, Құран оқушы. Үйленген, төрт баласы бар.