Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» ректоры Өскемен жастарымен жүздесті (ФОТО)

«Нұр-Мүбарак» ислам университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид әл-Жинди Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. 

Құрметті мейманға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы мешітті таныстырған соң, ректор мырза мешіттің кітапханасында кездесу жасады. Шараға өкілдіктің бастамасымен ашылған «Өскемен гуманитарлық колледжінің» «Исламтану» мамандығы бөлімінде оқып жатқан шәкірттер және ұстаздар қатысты. Өкіл имам мәртебелі қонаққа мемлекет тарапынан жасалып отырған осынау игі бастама туралы айтып өтті.

Ректор мырза өкілдікке алғыс білдіре отырып, студент жастарға діни білім алудың маңыздылығы турасында тағылым айтып, білімге талпынған жастарға барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close