«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды сайыс өтті

    0
    134

    24 маусым. KAZISLAM – Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы Индер ауданы жастар ресуртық орталығының ғимаратында аудан жастары және студенттер арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды сайыс өтті.

    Жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу мақсатында өткен сайысқа аудандық жастар ресурстық орталығының атынан «Жас қыран», «Әйіп қажы» мешіті атынан «Мұхаммед үмметі» және Орталық атынан «Ғибрат» тобы қатысты.

    Аталмыш сайысқа Орталық маманы Қ.Кәрім, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев, «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Е.Сағынов және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Нариманова қазылық етті.

    Сайыс нәтижиесінде білімділігімен, шапшаң жауап беруімен көзге түскен «Мұхаммед үмметі» тобы І орынды иеленді, ІІ орынды «Ғибрат», ІІІ орынды «Жас қыран» тобы еншіледі. Белсене қатысқан топтар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.