Неге Алла шайтанға әмірін жүргізбейді?

    64

    Жаратқан және істегендері үшін «ешкім Алланы жауапқа тарта алмайды» (Әнбия сүресі, 23). Бірақ адам баласы «көңілім орнықсын» (Бақара, 260) деп кейде Алланың ісіне қатысты сұрақтар да қойып жатады.

    Дінде бір қағида бар: «Жаманшылықтың болуы (жаратылуы) жамандық емес, жамандықты жасау –жамандық». Яғни шайтан оттан жаратылған. Оттың жаратылыуы жамандық емес, отқа күйсең жамандық. Біреулер салғырттығынан жаңбырдан зиян көрсе, Алла неге жаңбырды жаратқа дей алмайды. Өйткені жаңбырдың қаншама пайдалары бар. Сол сияқты, дүние –сынақ. Егер Алла алтернативтерді жаратпаса жақсы мен жаманды қалай ажыратады. Егер адам дұрыс, ақылды, иманды болса онсыз да шайтанның артынан ермейді. Ал шайтанның артынан еретін болса онда Алла алднда жауап береді.

    Әрі зұлымдықтың көзі шайтан ғана емес. Адамның нәпсі де шайтан сияқты зиянды. Адам баласы менің нәпсімді неге азаптамайды дей алмайды. Сол сияқты дүние — уақытша өмір. Мәңгілік дүниеде Алла онсыз да шайтанның да оның артынан ергендердің де жазасын беретіндігін айтады. Егер жамашылық болмаса жақсылықтың не екендігін біле алмаймыз. Сондықтан шайтан көптеген адамдардың кемелденуіне де түрткі болады. Яғни шайтанның айтқанын орындамаған сайын кемелденеді. Демек, дүниеде Алланың мыңдаған, миллиондаған хикметтерінің бірі шайтанның жаратылысы. Алланың жаратқандарында мін жоқ. барлық мәселе біздің шайтани түсініктеріміз бен қалауларымызда.

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    Пікір жазу