Неге Алла Тағала дүниені суға теңеген?

    761

    Қасиетті Құран Кәрімнің «Кәһф» сүресінің 45-аятында: «/Мұхаммед с.а.у./ Оларға дүние тіршілігінен мысал бер. Дүние бір көктен біз жаудырған жаңбыр іспетті», делінген. Бұған қатысты Имам әл-Құртуби өзінің «әл-Жами лил ахкам» еңбегінде былай деген:

    —  Ғалымдар аяттағы дүние мен су арасы қатты ұқсайтынын алға тартқан. Айталық, су бір орында мүлде тұрмайтыны секілді дүние де бір орында қозғалыссыз тұрмайды. Су құрғап не сіңіп кететіні секілді, дүние де уақыты келе жойылады. Суды ешкім тесіп не кесіп тастай алмайтыны секілді, дүниеге де ешбір пенде өз әрекетімен зиянын тигізе алмайды. Су белгілі бір мөлшерде болса өте пайдалы әрі жерге құнарлы болады, ал шамадан тыс асып кетсе апатқа алып келеді. Дүниені де белгілі бір ынсаппен пайдаланса игі болады, ал шамадан асып кетсе зиянын тигізеді.

     Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы