Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Мұсылман дегеннің кім екенін білесіңдер ме? — дейді. Сахабалар:

– Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі, — деседі. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Мұсылман – өзге мұсылмандар оның қолынан және тілінен зиян көрмеген адам, — дейді. Сахабалар:

– Ал мүмін деген кім? — дейді.

– Мүмін – өзге мүміндер малдары мен жандары үшін қауіптенбеген адам.

– Ал мұхажир деген кім?

– Мұхажир – жаман істі тастап, одан сақтанған адам, — деп жауап береді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Бір кісі тұрып:

– Уа, Алланың елшісі, ислам деген не? — деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Жүрегіңнің Аллаға бойсұнуы және қолың мен тіліңнің мұсылмандарға зиянсыз болуы, — деп жауап береді.

Дайындаған — Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу