Мұсылманша киім әлемдегі сәнді киім ондығына енді

    414

    Әлемдегі танымал спорттық киім өндіруші Nike компаниясы ұсынған мұсылман әйелдеріне арналған киім Lyst сараптамалық платформасы құрған рейтингке енді, деп хабарлайды Islam.ru.

    The Independent басылымының хабарлауынша, Nike компаниясы 2017 жылы ұсынған Pro Hijab деп аталатын спорттық киім үлгісі рейтингтің жетінші орнына шықты.

    Еске сала кетейік, эластикалық ауа өткізгіш материалдан дайындалған Nike хижабының үш түрлі түсі бар: сұр, қара және қара шұбар түс.

    Рейтингке сәйкес, әлемнің ең сәнді киімі Alexander McQueen брендінің тері кедасы танылды.

    Екінші орынды декоративті қылқаншамен безендірілген Prada қапсырмасы алды. Үшінші орында Jacquemus маркасының Le Chiquito сөмкесі тұр.