Мұсылмандыққа немесе Исламға қарсы күрес

    496

    Мұсылмандардың жол бастаушысы әрі жол нұсқаушысы Қасиетті Құран Кәрімді және Пайғамбарымыздың хадистерін, ислам ғұламаларының пікірлері мен ұстанымдарын, нұсқаулықтары мен әдебиеттерін негізге ала отырып, ұғыну – бізбен сіздің басты міндетіміз.

    Өйткені, Құранның мағынасын Пайғамбарымыздың сүннеті толықтырса, Пайғамбарымыздың сүннеттерін ғұламалардың әдебиеттерінде жазған пікірлері мен нұсқаулықтары түсіндіріп, біздің шариғи түсінігімізді толықтыра түспек. Ислам ғұламаларының, шариғат шеңберінде қателікте сөз бірлігі болмағаны жайында иджмағ бар. Ислам ғұламалары секілді ғұламалар басқа бір үмметте болмауымен ерекшеленеді. Бір жүйенің тұрақты жалғасуы немесе оның жүйесінің бұзылмауы, сол саладағы мамандардың біліктілігіне байланысты. Міне, Ислам дінінің де он төрт ғасырдан бері тұрақты өрлеуі ғұламалардың шариғи ғылымға деген құштарлығы. «Алла Кімді дінде білгір еткісі келсе, оны фақиһ етеді» хадисі бұл сөзімізді нақтылай түсуде.

    Пайғамбарымыз өмірден озғаннан кейін сахабалар, кейін Ислам ғұламалары иджтихат еткен. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) көзі тірісінде сеніп, мұсылмандықты қабыл етіп, сахаба атанғандардың 140 мыңы Пайғамбарымыздың қоштасу құтпасына қатысты. Сахабалардың саны жайында ислам тарих әдебиеттерінде қоштасу құтпасына қатысқандарға қарағанда қатыспағандардың саны көп болды, деген дерек бар. Жалпылай алғанымызда Пайғамбарымыздың көзі тірісінде мұсылмандықты қабыл етіп сахаба атанған мұсылмандардың саны 300 мыңға жуық болған [1]. Бұл сахабалардың барлығы дерлік Құран Кәрімді оқи алатын, Пайғамбарымыздың хадистерін өз құлағымен естіген және араб тілін түсініп сөйлей алатын болған. 300 мың сахабадан 162-сі ғана шариғат шеңберінде иджтихат еткен. Иджтихат еткен сахабаларды үшке бөліп қарастырамыз:

    1) Муксируун (Ең көп иджтихат еткендер) бұлар жеті Сахаба. Хз. Омар, Хз. Әли, Ибн Масғууд, Ибн Омар, Ибн Аббас, Хз. Айша анамыз және Зейд бин Сабит;

    2) Орта иджтахит еткендер;

    3) өмірінде бір немесе екі рет иджтихат еткен сахабалар. Бұлардың жиырмасы әйел сахабалар болған.

    Бұл сахабалардың толық есімдері мен иджтихат еткен мәселелері әдебиеттерде толық көрсетілген. Яғни, 300 мың сахабанің 162-сі ғана иджтихат еткен [2]. Құран Кәрімді оқи алатын, Пайғамбарымыздың хадистерін тыңдап өскен және араб тілін білетін сахабалардың барлығы мұжтаһит етпеген. Сахабалардың басым көпшілігі пәтуа алушы (мұқаллид) болған. Бұрын соңды естімеген немесе білмеген мәселесі болса, иджтихат еткен сахабалардан сұрайтын. Құран мен Сүннетті білсе де, қарсыласқан мәселелерінде тек Құраннан ғана жауап іздеп, иджтихат еткен ғұламаларға тәрбиесіздік көрсетпеген. 300 мың сахабадан тек қана 162-сі ғана иджтихат еткенін ұмытпағанымыз абзал.

    Қазіргі таңда, кейбіреулер 3 немесе 5 мың хадис оқыдым, араб тілін жетік меңгердім мен иджтихат етемін дегендерге жауап ретінде айтарымыз, көп хадис білу және араб тілін білу иджтихат етуге рұқсат болып саналмайды. Бұның тағы бір дәлелі, Пайғамбарымыздан ең көп 5374 хадис жеткізген Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) ең көп иджтихат еткен сахабалардың арасында аты аталмаған. Міне ең көп хадис жеткізген Әбу Хурайра, ең көп хадис жеткізген топтың арасына кірмейтін Хз. Омардан аз иджтихат еткен. Хадис білу мен иджтихат ету бөлек нәрсе [3]. Пайғамбарымыздың қоштасу құтпасында өсиеттерінің бірі де «Бұл өсиетімді осы жердегілер бұл жерге келе алмағандарға естіртсін. Бәлкім, ол адам осы жерде тұрып, өз құлағымен естіген адамнан да жақсы түсініп, орындар» [4] делінген. Бұл жердегі мағына да сендер қаншалықты естісеңдер де, сендерден кейінгі келетін (ғұламалар) жақсы түсініп иджтихат етер, деген пайымға келеді. Сахабалардан хадисші әрі иджтихат еткендер де болған. Жалпылай алғанымызда, хадисші бізге хадисті жеткізеді, мұжтаһит оны бағалайды. Құран мен Хадис білген сахабалардың барлығы иджтихат етпегенін ескерер болсақ, заманымызда ижтихат етпестен алдын, мұжтаһиттердің өмірімен етене танысып, олардың ижтихат еткендегі пікірлері мен нұсқаулықтарын толық оқып шығу керек.

    Ислам ғұламалары арасында иджтихат етіп, амалдық және сенімдік тұрғысынан мектептер пайда болып, бұл мектептердің ұстаздары атынан «Мәзһабтар» ортаға шыққан [5]. Мәзһабтар мұсылмандарды бөлмейді, керісінше мұсылмандарды бір шатыр астында бірігуді көздейді. Төрт мәзһаб болмаса, қазіргі таңдағы 2 миллиард мұсылманның қанша мәзһабі болушы еді. Күні бүгінгі мәселе, Құран және Хадис оқып, мәзһабты қабылдамайтын екі мұсылман, өз арасында бір-бірін кәпір немесе надан (жәһил) деп айыптайды. Әр мұсылман бір пікірді қолдамағанда қаншама көптеген мәзһаб пайда болушы еді. Мұсылмандардың бауырмашыл, бейбіт әрі еркін пікірлі болуы – мұсылман ғұламаларының пікірлері мен нұсқаулығының күштілігінде [6]. Өйткені, Құранның түсінігінің жүйелі нұсқаулығы ғұламалар тарапынан бекітілген. Тәурат, Забур және Інжіл түсінігінің жүйелі нұсқаулығы болмағаны үшін, өзгеріске ұшырағанын ұмытпағанымыз жөн.

    Ал, Құран Кәрімді бұзу немесе өзгеріске ұшырату жоспарларын үшке бөлуге болады:

    1) Пайғамбарымызға уаһи етілмес алдын жын мен шайтандар өзгертуге тырысқан. Құранның аяттарын алғысы келгенде, періштелер отпен атқылап қуған. Бұл жайында Құранның бірнеше жерінде айтылған;

    2) Пайғамбарымызға уаһи етілгеннен кейін, Пайғамбарымыздың көзі тірісінде де өзгерту үшін көптеген әрекетке барған;

    3) Кейінгісі де Пайғамбарымыз өмірден озғаннан кейін. Үшіншісінде жын шайтандар мен қоса адам шайтандар бірігіп әрекет жасаған. Алайда Алла Құран Кәрімде Құранды қорғайтыны жайында Хижр сүресінің 9 аятында былай деп бұйырған:

    «Құранды расында біз түсірдік әрі біз оның қорғаушысымыз».

    Аятта айтылған «Зикр» сөзінің мағынасы тек Құран ғана емес, уаһидың барлығын және Пайғамбарымыздың сүннетінде қамтылған. Пайғамбарымыздың сүннеттерінің қорғалғандығы туралы, Қамар сүресіндегі Салих (а.с) жайында айтылған аяттар дәлел. Пайғамбарымыздың хадистері де, аяттар секілді түсірілген. Бұл жайында Ниса сүресінің 113-ші, Жүніс сүресі 20-шы аятында айтылған. Бұл хикметтер – Алла тарапынан жіберілген және қорғалған.

    Шайтандарда Құранды өзгертуге деген үміт жоқ. Өйткені, Хафыздар бар, Құранды жоғалтып жіберсе де, Құран жатталуы жеті ғасырдан бері жалғасын табуда және ақыретке дейін жалғаса береді. Ислам шариғатының дәстүрлі ғылымы алдымен жатталып, кейін барып дәлелімен қолданылған. Міне осы жерде, шайтани пікірдегі адамдар мағынасын бұзуға ниеттенген.

    Құранның әрібінің ғана емес, мағынасына дейін бұзылмауының хикметі Пайғамбарымыздың хадистері, Пайғамбарымыздың хадистерінің түсінігінің бұзылмауының хикметі Ислам ғұламаларының пікірлері мен тәсілдері және олардың жазған әдебиеттері. Ислам ғұламаларына қарсы шығушылар, негізінде Исламды бұзғысы келгендердің жалған саясатының құрбандары. Бұл жердегі ғұлама дегеніміз – Мәзһаб ғұламалары және иджтихат етіп, діни әдебиет жазған және аты аталған Ислам ғұламаларының барлығы. Исламда барлық ғұлама мақұлдаған шариғи бір мәселеге «иджмағ» дейді [7]. Бұл жерде ғұламалардың бірін жамандау немесе, тіл тигізу барлығына бірдей топырақ шашу дегенді білдіреді.

    Дей тұрғанмен, Ислам ғұламаларына қарсы шығу және олардың пікірлерінің қателігін іздеу жобасы бір ғасырдан бері жалғасын табуда. Әлбетте, ғалымдарда етпен сүйектен жаратылған, қателік жасауы да табиғи құбылыс. Алайда, Ислам құқық тарихына қарағанымызда, тірілу шағы депті біздің дәуірімізге. Тірілу шағы дегеніміз, өмірден озған ғұламаларды қайта тірілтіп, өлтіру деген пайымда айтылған екен. Яғни, біздің шағымызға дейін өмір сүрген ғұламаларды жоққа шығару арқылы, олардың шариғаттағы пікірлері мен тәсілдерін толықтай үкімсіз ету. Ғұламалардың күні бүгінге дейін сақтап келген ғылымын қайта жазу. Исламды бұзудың алғашқы қадамы ғұламалардың пікірлерін бұрмалау. Осыдан кейін сүннетті де, Пайғамбарымыздың хадистерін де қайта жазылу керектігін айтқандар немесе хадистерді толықтай қабылдамайтындар арамызда бар. Ендігі кезек Құран Кәрімге келді. Мұсылмандардың пікірін бұрмалау мақсатында «Құран тарихи бір кітап және Құран тек араб ұлтына түскен араб тіліндегі бір кітап» деу арқылы, мұсылман қоғамының пікірін бұрмалады және бұны қолдағандар да баршылық. Құран тарихи бір кітап, сол заманның адамдарына арналған бір үкім, заманымызда бұған мұқтаж емеспіз және Пайғамбарымыздың сөздері де мен үшін маңызды емес, дегендер діннен шығады. Бұндай әрекет, діннен шығудан өте, дінді бұзумен парапар. Пайғамбарымыздың қасында дауыстап сөйлеуге де тиым салынған [8].

    Ислам дінін бұрмалау мақсатында, Ислам ғұламаларына қарсы шығу арқылы басталған бір жобаның алғашқы қадамы. Бұл пікірді мақұлдаған, қолдаған немесе пікірді дұрыс деп ғұламаларға жаман сөздер айтып дұшпан болғандар, білместігінен, ақымақтығынан немесе шын мәнінде исламды бұрмалау үшін айтып жүр деген пікірдеміз. Шын мәнінде бұндай пікірді қолдағандар райынан қайтсын. Өйткені, Алланың қалауымен дінді бұздырмай ұстап тұрған ғұламалардың пікірлері мен тәсілдері болып табылады.

    Ислам дінінен алдын Алла тарапынан келген діндердің барлығы бұрмаланды. Өйткені ғұламаларын мойындамады, ғұламаларының сөздерін тыңдамады немесе оларды бақилық етті. Ислам ғұламаларының Алланың қалауымен өз дәрежесін жоғалтпады. Өйткені, шариғаттың ең тереңіне дейін зерттеп, әдебиеттерінде көрсете білді. Мысал айтар болсақ: Тәжуидтте «Рәум» деген қағида бар. Рәум дегеніміз, бір әріптің ауыз қуыстарының қай жерден шығатынын білдіретін қағида. Құран сөйлемін, сөзін немесе қарекетінен де терең, әріптің ауыз қуысының қай жерінен шығатыны он төрт ғасырдан бері сақтап келген. Бұндай ғылымды он төрт ғасырдан бері сақтап келген ғұламаларға тіл тигізуге немесе олар туралы жаман пікір қалыптастыруға кімнің құқығы бар. Құран оқу тәсілінде, екі әлиф ұзататын жерге төрт әлиф-ке дейін ұзатуға рұқсат етпеген ғұламаларды дәріптеу, біздің міндетіміз, біз оларға қарыздармыз.

    Тирмизи Сүнен «Фитен» бөлімінде 32-38 арасында «Үмбетім мына он бес нәрсені жасайтын болса, басына бәле келеді…..» деген хадистің, он бесіншісі «Бұл үмбеттің кейін келгендері, алдынғы келгендерге лағынет айтқан кезде» деп айтылған. Бұның мағынасы да, бізден алдын келген дін ғұламаларына лағнет айтар болсақ, дінімізді бұзамыз. Яғни, діннен шығамыз. Бұл – ең үлкен бәлелердің бірі.

    Біздің пікір бірлігімізді, бейбітшілігімізді және тұрақтылығымызды қамтамасыз ететін, қорғайтын – мемлекет. Мемлекет араласпаған мәселеде, дін араласады. Немесе мемлекет болмаған жағдайларда, жергілікті халықтың ұстанатын мәзһабына қарай дін адамы қорғайды. Дін адамы дегеніміз иджтихат ете алатын, мүфтилер басқарады. Ондай болмаған жағдайда, мұсылмандар ыдырап әрқайсысы бір пікірден айтып бірлігі болмаған елді, бейбітшілік пен тұрақтылық қайдан болсын.

    Заманауи мәселелерде, сол елдің ділі мен тілін, салты мен дәстүріне қанық ислам ғұламалары тарапынан иджтихат жасауға тиым салынбаған. Яғни иджтиһат жасауға болады. Бұндай мәселеде, фиқһ усулу мен фиқһ фуруды бөліп қарау керек. Усул қалай иджтихат ету керектігінің жолы. Бұл мәселеде айтылатын барлық пікірлер айтылған. Хижра бойынша үшінші ғасырда толықтырылып қойған. Үш ғасырда ислам ғұламалары толықтай қамтыған және бізге пікір айтуға мүмкіншілік қалдырмаған.

    Ислам ғұламалары бұл мәселеде екі тәсіл қолданғанын айтуға болады. 1- Хадис усулу, 2- Фиқһ усулу. Хадис усулумен хадистер бізге жеткізілген. Фиқһ усулумен бізге жеткен хадистерден не түсінуіміз керектігінің тәсілін қалыптастырған. Бұл екі ғылым тәсілі басқа үмметте жоқ екенін де ескергеніміз жөн. Фиқһтың тәсілін орнату мүмкін емес. Алайда, Фиқһ фуру дегеніміз, пәтуа беру мәселесіне тиым салынбаған. Фиқһ ғылымын үйреніп, пәтуа беретін қоғамның жалпылай мәселесін білетін бір Фақиһ және Муфти пәтуа беруіне болады.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    [1] Хаким, Исмаил, Ислам Тарихы, бет, 156.

    [2] Prof. Joseph SCHACHT, Ислам Құқық усулына кіріс, бет. 75.

    [3] Ислам құқық ел китабы, бет. 264.

    [4] Әл-Ужиз, Тахмил Китабул Тарихи Исламия, бет, 459.

    [5] Әл-Китап, Ислам мезхеплер тарихы, бет, 65

    [6] Әл-Хасан Тахсин, Фейзул Фуркан, бет, 25.

    [7] Мехмет Ердоған, Фиқһ және Құқық терминдік сөздігі, бет. 225.

    [8] Хужурат сүресі 2 аят.

    Орхан Чекер, Ислам Құқық ғылымдарының профессоры

    Ықшамдап аударған Исатай Бердалиев,

    Ислам құқық ғылымдарының докторанты

    Пікір жазу