Мұсылмандар үйсіздерді тамақтандырады

    0
    155

    Ұлыбританияның Бирмингем қаласының мұсылмандары қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жандарды ғана емес, мұқтаждар мен үйсіздерді тамақтандырып, Алланың сауабын алуға ұмтылып жатыр.

    Ас-Суффа қайырымдылық ұйымының ерікті жастары күндізгі сабақтары мен жұмыстарынан тыс уақытта Бирмингем орталығындағы Лайонел көшесіне келіп, үйсіз жандарға ыстық тамақ беріп, олармен жақын сөйлесіп, көмек қолын созады.

    36 жастағы мұсылман Таз Хан күні бойы ауыз бекіту оңайға соқпайтынын, дегенмен кешке жылы үйіне келіп ауыз ашқанда, үйсіз жандардың суық көшеде қалатынын айтады.

    «Біз жылы үйлерімізге ораламыз, бірақ мұндай мүмкіндігі жоқ адамдар бар. Мен үшін бұл іс барыма шүкір етуге ықпал етеді» дейді ол.

    Ас-Суффа қайырымдылық ұйымы 2012 жылдан бері үйсіз жандарға 250 000 ыстық тамақ таратқан екен. Әсіресе Рамазан уақытында жұмыс қызып, ұйым өкілдері аптасына 7 күн кешкілік қайырымдылық акциясына атсалысады.