Мұсылмандар шын бақыттың құпиясын біледі

    0
    115

    Әлемнің жаратылысының бірлігіне сенетін адамдар өздерін бақытты сезінеді. Бұл туралы Америкалық психологиялық ассоциация ұсынған зерттеуде жарияланды, деп жазады Islam.ru.

    Сарапшылардың пайымдауынша, бірлік қағидасына сену адамда өмірге қанағаттану деңгейін көтереді. Олар бұл тұжырымға 75 мың адамға жүргізілген сауалнама нәтижесінде келіп отыр. Қоршаған табиғатпен және адамдармен тығыз қарым-қатынасты сезіну, сондай-ақ эмпатия сезімі мынадай пікірдегі адамдардан байқалған:

    Мен мына әлемде барлығы бір қағидаға негізделген деп ойлаймын. Әлемдегі барлық заттың қайнар көзі – ортақ. Мен әлемде барлығы бір-біріне байланысты деп санаймын. Мен барлығының негізінде жатқан құдайлық қағидаға сенемін. Әлемде барлығы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді.

    Айта кетер жайт,бірлік сезімі дініне, жынысы мен жас ерекшеліктеріне байланысты түрленеді. Зерттеуге сәйкес, сенім деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші мұсылмандарда, ал ең төмені атеистерде екен.

    Аталмыш зерттеу жұмысы Psychology of Religion and Spirituality журналында жарияланған.