Мұсылмандар гүл таратты

    0
    233

    Түркия жастары Еуропаның 10 мемлекетінде көшеге шығып мыңдаған раушан гүлін таратты.

    Бельгияның өзінде түркиялық 50 адам 6 қалаға «Сәлем, мен мұсылманмын» деген жазуы бар тақтайша іліп, шатыр тігіп, халыққа гүл таратты, деп жазады Daily Sabah.

    Мұсылмандар игілікті шара аясында ислам туралы базалық ақпарат жазылған парақша мен раушан гүлін таратты. Осылайша олар исламофобияға қарсы күреспек ниетте.

    Айта кетсек, көшеде гүл тарату бастамасы осыдан 6 жыл бұрын Германия, Нидерланды, Австрия, Бельгия, Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Италия және Швейцарияда басталған.

    Акцияға сондай-ақ Австралия және Канада түрік диаспорасы қатысып, 210 000 адамға раушан гүлі мен парақша таратылды.