Мұсылмандарға тамсанған христиан өкілі

    0
    319

    Күндердің күнінде ислам ғалымы Мұстафа әл-Жуди есімді кісі шетелге сапар шегеді.

    Онда өзінің христиан дінін насихаттаушы Давид есімді ескі досымен кездеседі. Екеуі кездесіп, дастархан басында біраз әңгіме айтады.

    Содан біраз уақыттан кейін Мұстафа мұсылмандардың ауызбіршілігі, татулығы туралы сөз қозғайды.

    Давид өз кезегінде мұсылмандарда ауызбіршілік пен татулық болса қазіргі Таяу Шығыстағы хаостың болмайтынын алға тартып, Мұстафаның сөзін жоққа шығарғысы келеді.

    Сол уақытта Мұстафа теледидарды қосып, Меккедегі «әл-Харам» мешітінен тікелей көрсетілімді қосып, Давидқа ұсынады. Сосын одан:

    – Мына жерде қазір 3 млн. шамасында мұсылмандар бір мезетте құлшылық жасауда. Енді айтшы, осылардың барлығын бір сапқа тұрғызу үшін қанша уақыт керек деп ойлайсың?, деп сұрайды.

    – 3 сағат уақыт кететін шығар, дейді кідірместен.

    – Бұл мешітті өмірде көретін болсаң 5 есе үлкен, дейді Мұстафа.

    – Онда шамамен 12 сағат кетуі керек.

    – Ондағы мұсылмандардың барлығы әртүрлі тілде сөйлейді.

    – Олай болса олардың барлығын бір сапқа тұрғызу әсте мүмкін емес, дейді Давид. Сол уақытта намаз уақыты кіріп, «әл-Харам» мешітінің шейхі Абдурахман ас-Судайс келіп:

    – Намазға тұрыңыздар!, дейді.

    Сол сәтте 3 млн. мұсылман 2 мин. ішінде бір сапқа тұра қалады. Мұны көрген Давид әлгі айтқан көзқарасынан қайтып, мұсылмандарды біріктіретін ислам діні екеніне көзі жеткен екен.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы