Мысыр президенті: Африкадағы соғыс әзір тоқтамайды

    204

    Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Африка құрлығы қаншама күштер мен реттеу әрекеттерінің жүргізілуіне қарамастан әлі ұзақ уақыт әртүрлі шиеленістердің аймағы болып қала бермек. Аддис-Абебада өткен Африка одағы саммитінде Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси осылай деп мәлімдеді.

    «Біз осы континентте қақтығыстарды тоқтату, оны жою бағытында қаншама күш жұмсасақ та, 2020 жылға дейін Африкадағы қарулы соғысты тоқтату жобасын жасасақ та, бәріңізге белгілі, бұл соғыс әзір тоқтамайды» деп атап өтті Мысыр басшысы.

    Еске салсақ, Африка одағының 32-саммиті Эфиопия астанасында өтіп жатыр. Биыл саммит алаңына осы аймақ үшін өзекті мәселе – босқындар тақырыбы талқыланады, деп жазады Islam Today.