Мохаммед Салах ықпалды тұлғалар рейтингіне енді

    0
    316

    Египет футбол құрамасының және «Ливерпуль» клубының ойыншысы Мохаммед Салах Time журналының сараптамасы бойынша әлемнің ең ықпалды жүз адам рейтингіне енді, деп хабарлайды BBC.

    Сонымен қатар рейтингке Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, әнші Леди Гага, АҚШ президенті Дональд Трамп және АҚШ-тың бұрынғы президентінің жұбайы Мишель Обама да енген.

    Мохаммед Салах – ислам дінін ұстанатын танымал спортшылардың бірі. Жуырда Football Against Racism in Europe зерттеу жүргізіп, нәтижесінде «Ливерпуль» клубындағы Мохаммед Салахтың жетістіктері ағылшын футбол Премьер-Лигасында нәсілшілдік қылмыстарын айтарлықтай азаюына әсер еткені анықталған.