Мешіт ауласына көлік қоюға тыйым салынады

    0
    251

    Біріккен араб әмірлігі полициясы мешіт ауласына көліктерін қалдырып кететін жүргізушілерге қарсы ауқымды кампанияны бастады. Бұл туралы Islam.ru сайты Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

    Құқықбұзушыларға үлкен көлемде айыппұл салынады. Көліктерін рұқсат етілмеген немесе транспорт қозғалысына кедергі келтіретін жерде қалдырған әмірлік тұрғындары мемлекетке 500 дирхам, яғни 136 доллар айыппұл төлейді.

    Қасиетті Рамазан айында полиция инспекциясы мешіттер ауласына қатаң күзет енгізді. Сонымен қатар құқыққорғау органы өкілдері азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін де қабылдайды. «Көліктерін тыйым салынған жерде қалдырушылар немесе мешітке келушілерге арналған тегін орындарға қоюшылар жазаланатын болады» делінген полиция хабарламасында.