Жаңалықтар

Мешіттегі шабуылдан 40 адам қаза тапты

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы қос мешітте атыстан қаза тапқандар саны артты Бұл туралы 24.kz сайты The New Zealand Herald ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта мешіттегі жұртқа оқ атқан деген күдікпен 4 адам ұсталды. Олардың біреуі австралиялық болып шықты. Оқиғаға байланысты қаланың әуе кеңістігі тікұшақпен бақылауға алынып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, мешіттерге шабуылдан қаза тапқандар саны 40 адамға жеткен. Бұл туралы Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн мәлімдеді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close