«Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!»

    70

    14 ақпан. KAZISLAM – Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Jas Otan» жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» атты акцияға 100-ге жуық адам қатысып, қан тапсырды.

    Алдымен дәрігерлер жастарды толық тексеруден өткізіп, қант мөлшері, гемоглабин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтады. Содан кейін донор болуға мүмкіндік берді.

    «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, Кентау қаласы мен Ордабасы және Отырар аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері және қала тұрғындары мен ерікті жастар қатысқан акция барысында донор болу өзгеге үміт сыйлау екені, яғни қан құю арқылы науқас жандардың өмірін ұзартуға болатыны айтылды.

    Ұйымдастырушылар қанға зәру науқастарға қолдау көрсету мақсатында  өткен іс-шараны алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

    Пікір жазу