Мемлекет басшысы діни ұстанымы туралы айтты

    1923
    @ inform.kz

    Нұр-Сұлтан. 22 шілде. KAZISLAM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

    «Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын», — деді Тоқаев.

    Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болыпты. Шамамен 60 жасында ислам дініне қызығушылығы күшейе түскен екен.

    «Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады», — деп еске алды Тоқаев.