Маңғыстау: Құран хатым дұғасы жасалды

    116

    Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған үндеуін Маңғыстау облысы бойынша жүзеге асыру жалғасын тапты.

    Шартарапты дүрліктірген СOVID-19 жұқпалы індетінен шипа сұрап, елімізге амандық тілеп жатқан жамағат апта сайын қасиетті Құран Кәрімді хатым етіп оқуда.

    Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жамағаттардың оқыған Құран хатымына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған мешіт имамдары дұға жасады.

    Алла Тағала еліміздегі барлық жасалып жатқан Құран хатым дұғаларын және елдің тілегін қабыл етсін!

    Пікір жазу