ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «Миғраж» мешіті ауласында салынған тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, баспаналы болған 8 дін қызметкерін жаңа қонысымен құттықтады.

«Адам баласы үшін баспананың орны ерекше. Үй – шаршағанда тынығатын, құлшылық жасап, дұға ететін, бала-шағаңмен қауышып, қуанышқа бөленетін, қонақ күтіп, батасын алатын мекенің. Сондықтан осы үйді игілікке пайдаланып, Алла жолында аянбай қызмет етіңіздер. Имамдарға қолдау білдіріп, қуанышын еселеген барша азаматқа Алла разы болсын деймін. Жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңіз көріңіздер. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!» — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти баспаналы болған дін қызметкерлерінің отбасына арнайы дұға жасады. Мешіт қызметкерлеріне арналған төрт қабатты тұрғын үй жеке кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтардың қаржысына салынған. Тұрғын үй 8 отбасыға арналған. Барлық талапқа сай жабдықталған. Әр пәтердің көлемі – 54 шаршы метр.

Айта кетейік, Бас мүфтидің Маңғыстауға сапары сауапты әрі сәулелі өтті. Қос шәкіртке ҚМДБ білім гранты берілсе, Серік бауырымызға қайырымдылық ретінде ерекше сыйлық ұсынылды.

 

Пікір жазу