Маңғыстауда Құран жарысы өтті

    193

    21 қаңтар. KAZISLAM – Жуырда Маңғыстау облысы Жетібай ауылдық «Сүйінғара Үргенішбайұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай облыстық Құран жарысы өтті.

    Жарыстың ашылу салтанатында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Ануар Ізімбайұлы құран оқудың артықшылығы және құран жаттаудың сауабы турасында мағыналы уағыз айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Облыс бойынша 227 мешіт шәкірттері қатысқан шарада «Бекет Ата» орталық мешітінің найб имамы А. Асқар, «Ар Рахман» мешітінің ұстазы М. Қайратұлы, Ақтау қалалық медресе ұстазы М. Абдуллаұлы, жас қари А. Садырбайұлы және Н. Серікұлы төрелік етті.

    Әділқазы алқаларының шешімі бойынша Құран кәрімнің 29-30 параларын жатқа айтудан:

    Бас жүлде – Сандыбаев Саламат (Умра қажылығы)

    II орын – Сарбақ Нұрислам (200 000тг)

    III орын – Жеңіс Дамир (100 000 тг) иеленді.

    Жарыстың екінші кезеңінде Құран кәрімнің 30 параларын жатқа айтудан:

    I орын – Ауданбаев Ерболат (100 000тг)

    II орын – Сапарберді Ғалымжан (80 000тг)

    III орын – Жамбыл Рамазан (50 000тг) иеленді.

    «Духа» сүресінен төмен жатқа айтудан:

    I орын – Сайлаубек Ерасыл (50 000тг)

    II орын – Отугинисов Сәдуақас (40 000тг)

    III орын – Мұхаммед Ибрахим Мұртаза (30 000тг) иеленді.

    Құран жарысынан кейін арнайы дастархан жайылып, құран оқытылды.

    Пікір жазу