Маңғыстауда «Мұстафа» мешіті ашылды

    264

    20 қыркүйек. KAZISLAM – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Қазылтөбе-2 ауылынан «Мұстафа» мешіті ел игілігіне берілді, деп жазады muftyat.kz.

    Жұма күні ашылған мешіттің құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Жомарт жандардың қолдауымен салынған сәні мен сәулеті жарасқан мешітте бір уақытта 700 адам намаз оқи алады.

    Ашылу салтанатына өкіл имам Смайыл Сейтбеков арнайы барып жаңа мешіттің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады.

    Сондай-ақ ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен бас имам қызметіне тағайындалған Есмұрзаев Серікті таныстырды.

    Мешіттің ашылуы рәсіміне арнайы келген аудан әкімі Елтизаров Рахат құттықтау сөзін сөйлеп, мешітті салған азаматтарға алғысын білдірді.

    Жұма күні жаңа мешітте жамағат намаз оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.

    Пікір жазу