Маңғыстауда аймақтық имамдар форумы өтті

    70

    14 ақпан. KAZISLAM – Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты III республикалық имамдар форумы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық «Мұнайшы» мәдениет үйінде жалғасын тапты.

    Аймақтық форумға Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Оңғарбайұлы, Маңғыстау облысының имамдары, ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, елімізге белгілі дінтанушы-ғалым Арман Қуанышбаев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов арнайы шақырылып, сүбелі баяндамалар жасады.

    Қасиетті Құран аяттарымен басталған форум жұмысына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Елжанов модераторлық етіп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің форумға арналған жолдауын оқып берді.

    ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» құжатындағы асыл қасиеттер айтылып, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына тигізер ізгі үлесі жайында кеңінен қозғалды.

    Форум қонақтарына 2019 жылы облыс аумағында өткізілген іс-шаралар турасында толықтай мәлімет берілді.

    Пікір жазу