Ғибратты әңгімелер

Маған ешқандай қатысы жоқ!

Күндердің күнінде шалғай ауылда бір үйде тышқан болыпты. Ол таң атысымен үй егелері бөлмелерге тышқан тұзағын құрғанын байқайды. Тышқан бұл жайлы жүгіріп барып алдымен тауыққа, қойға, сосын сиырға айтады. Олар бір ауыздан:

— Бұл сенің проблемаң, бізге ешқандай қатысы жоқ,-деп жауап қатады. Сәл уақыттан кейін әлгі тұзаққа жылан түсіп қалады. Сол уақытта үй шаруасымен айналысып жүрген әйелді тұзақтағы жылан шағып алады. Әйел ауырып, біршама уақыт төсек тартып жатып қалады. Күйеуі дереу тауықты сойып, әйеліне сорпа жасап береді. Кейін әйелдің халін сұрап келушілер қатары көбейгесін күйеуі қорадағы қойды сойып оларға дастархан жаяды. Қанша емдеуге тырысқанымен әйелдің бойына у тез тарап өмірден өтеді.  Сосын қалың жиналған қауымның саны артқасын сиырды да сойып, қонақтарға асып береді. Мұның барлығын ұясында бақылап тұрған тышқан іштей:

— Менің бұл жағдайларға еш қатысым жоқ,-деп тұра береді.

Түйін: Егер қандай да бір мәселе бізге тікелей қатысы болмағанымен, күндердің күнінде ол кенеттен соққы болып тию мүмкін.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы    

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close