Литвалықтар да діни сеніміне қатысты екпеден бас тартады

    0
    314

    Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. KAZISLAM – Литва тұрғындары да діни сенімі үшін екпеден бас тартады. Бұл туралы литвалық жоғары білікті ортопед Виргилиюс Урбанавичюс azh.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

    Қырық жылдан бері балалардың сал ауруымен күресіп келе жатқан профессордың айтуынша, Литваның кей тұрғындары вакцинаға қатысты интернеттен теріс пікірлер оқыса, католик шіркеуі оған қарсы болмаса да, кейбіреулер діни ұстанымдарына сәйкес екпеден бас тартып жатады.

    – Вегетариандықтар арасында бас тартатындар көп. Медик ретінде айтарым: екпе салдыру керек. Бізде, тіпті, бас тартушыларға айыппұл салу туралы мәселе көтерілді, бірақ бұл ұсыныс қабылданбады. Мұндай жағдайда адам құқықтары бұзылар еді. Сондықтан, бұрынғыша түсіндіреміз, көздерін жеткіземіз. Литвада вакциналар Батыс Еуропа елдерінен ғана сатып алынады, — дейді ол.

    Айта кетейік, Вильнюс университеті Сантарос ауруханасының профессоры Виргилиюс Урбанавичюс мұнайлы астанаға арнайы келіп, облыстық ауруханада церебралды сал ауруы диагнозы бар екі балаға ота жасаған еді. Ал бұған дейін профессор жергілікті әріптестерімен ортопедиялық патологияны хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерімен бөліскен болатын.