Лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

    115

    22 шілде. KAZISLAM – Пәкістанның Дера-Исмаил-Хан қаласында лаңкестік әрекет жасалып, 8 адам қаза тапты, деп жазады Хабар 24.

    Тағы 30 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда алдымен содырлар шаһардың батыс бөлігіндегі бақылау-тексеру бекетіне шабуыл жасап, 2 полицейді өлтірген. Осыдан кейін бір жанкешті әйел ауруханаға кіреберіс жерде бойына жасырынған бомбаны іске қосып, 6 адам көз жұмды. Шабуылды жергілікті «Техрик-и-Талибан Пакистан» лаңкестік ұйымы мойнына алды.