Кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты

    74

    14 тамыз. KAZISLAM – Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты. 13-шағынауданда салынған жаңа спорт алаңы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұнда бір мезетте 100-ге жуық бала спортпен шұғылданып, шеберліктерін шыңдай алады.

    Балалар енді ойындарын өз алаңдарында өткізетініне қуанышты. Ашылу салтанатынан соң футболдан жарыс ұйымдастырылды.

    Айта кетейік, Ақтауда 109 спорт алаңы бар. Оның 66-сына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    «Кәсіпкерге алғысымызды білдіремін. Осындай мәрт азаматтардың арқасында қалада ел игілігі үшін ашылған нысандар саны арта берсін. Биылғы жылы әкімдік тарапынан көптеген спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар өте қуанышты», — дейді Ақтау қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев.