Жаңалықтар

Күрд жасақтары лаңкестерге шабуылды күшейтті

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Күрд жасақтары Багуз қаласына бекінген «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» содырларына қарсы шабуылды күшейтті, деп хабарлайды 24.kz.

Қарулы топтар қоршаудан шығу үшін бірнеше талпыныс жасады. Бірақ «Сирия демократиялық күштері» жасақтары оларға тойтарыс берді. Мәліметке қарағанда, лаңкестер көп шығынға ұшыраған.

Ал Брюссельде Сирияға қатысты халықаралық конференция өтті. Жиында сириялық босқындарға көмек көрсету мәселесі қарастырылды. Осы ретте Еуроодақ Шам елін қалпына келтіру тек саяси процесс басталғанда ғана қолға алынатынын жеткізді. Федерика Могеринидің айтуынша, бұл сириялықтар үшін күшті қолдау болуы тиіс.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close