[:kk]Куәгер: Террорист мешітке бірден кіре алмады[:]

    0
    5

    [:kk]

    Астана. 20 наурыз. KAZISLAM – Крайстчерч мешітінде болған терактіден аман қалған мұсылман Линвуд ислам орталығы жамағатының көпшілігін құтқарған оқиғаның бір деталіне еске алды.

    Мухаммед Ахил Уддиннің айтуынша, террорист ислам орталығының кірер жолын бірден тапқанда қаза болған адамдардың саны өте көп болуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Ansar.ru.

    Мешіт ғимараты жоспары өзгеше, онда басты кірер есік көрер көзге бірден байқалмайды. Сол себепті террорист Брентон Таррант ішке қалай кіруді алғашында түсінбей кідіріп қалған.

    Кірер жолдан шатасқан террорист мешіт терезелеріне оқ жаудырған. Осы кезде іштегі жамағат қанқұйлы қылмыскерден құтылудың мүмкіндігі болды.

    «Мен барлығын мешіттің әйелдер залына тығылуға шақырдым. Ол жер қауіпсіздеу еді, себебі онда іштен жауып алуға болады» дейді Уддин.

    «Ол ішке кіретін жолды тапқан кезде біз жасырындық. Бірақ үрейден дүрбелең туды. Жағдай өте қорқынышты еді. Егер ол ішке кіретін есікті бірден тапқанда біз бұл жерде тірі қалмас едік» дейді ол.

    [:]