Комитет төрағасы Қазақстан Православиелік жастарының VIII съезіне қатысты

    125

    Нұр-Сұлтан. 22 шілде. KAZISLAM – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстандағы Православиелік жастарының VIII съезіне қатысты, деп жазады министрліктің ресми сайты.

    2019 жылы 19 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың қатысуымен Успен кафедралық соборы жанындағы Кирилл және Мефодий атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығында Қазақстанның Православиелік жастарының VIII съезінің ашылуы өтті.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар жылы» деп жариялаған жылы іс-шараның тақырыбы «Жастар және цифрлық революция» болды.

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы Нүкежанов,   министр Д. Абаевтың Қазақстанның Православиелік жастарының VIII съезіне қатысушыларға құттықтау сөзін оқыды.

    Съездің ашылуына Жастар ісі жөніндегі епархиалдық бөлімдердің басшылары және Қазақстанның Православие Шіркеуінің Митрополиттік округіндегі жастар клубтарының басшылары қатысты.

    Алғаш рет Съезд 2012 жылғы 18-19 ақпанда Алматы қаласында өтті. Съезді өткізудің негізгі мақсаты — Қазақстанда православиелік жастар ұйымдарын біріктіру және православиелік жастар қозғалысын құру идеясы болды.