Комитет төрағасының орынбасары «Нұр-Мүбарак» университетінде болды

    316

    10 желтоқсан. KAZISLAM – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төраға орынбасары Әнуар Хатиев «Нұр-Мүбарак» университетінде болды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. 

    Университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххатпен кездескен Төраға орынбасары университеттің тыныс-тіршілігімен және дін мамандарын даярлаудағы ерекшеліктерімен танысты.

    Кездесу барысында Мухаммад әш-Шаххат «Біз студенттерге исламның классикалық үлгісін оқытамыз. Қоғамға ислам діні жайлы дұрыс білім жеткізіп, түсінік қалыптастыратын біздің студенттер болғандықтан олдардың  дінмен шектелмей, жан-жақты болып дамуына ерекше назарда ұстаймыз»,- деді.

    Арнайы қабылдаудан кейін Төраға орынбасары университет кешенін аралап, дәріс аудиториялары, кітапхана, SmartClass, асхана, жатақхана, мешіт жұмыстарымен танысты.

    Сонымен қатар, Әнуар Хатиев факультет, кафедра меңгерушілерімен кездесіп, білім шаңырағына мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетінін атап өтті.

    Комитет төрағасының орынбасарымен бірге ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевте бар.

    Пікір жазу