Кеңшілік Тышхан

Кеңшілік Тышхан — 1976 жылы 23-қыркүйекте МХР Баян-Өлгей аймағы Сақсай ауылында дүниеге келген. Философия ғылымының кандидаты, дінтанушы.
Kazislam.kz ақпараттық-ағартушылық порталының сарапшысы.
 
 
Білімі:
 
1997-2001 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетіне «Дінтану» мамандығы бойынша оқып «Дінтанушы және араб тілінің мұғалімі» біліктілігімен бітірген.
Аталмыш оқу орны мен Түркия Республикасының арасындағы келісімге байланысты алғашқы 3 курсты Түркия Республикасының Конья қаласындағы Сельждук университетінде оқыған.
 
2001-2002 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қарғалы елді мекеніндегі «Шет тілдері оқыту орталығында» араб тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
 
2002 жылдан бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне жұмысқа қабыданып, сол жылы аталмыш оқу орнына аспирантураға қабылданған.
 
2008 жылдың 23 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «09.00.13-Дінтану, философиялық антрополгия, мәдениет философиясы» шифрі бойынша «Ислам дініндегі адамның рухани ерік-бостандығы мәселесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
 
Еңбек жолы:
 
2008-2009 оқу жылының соңына дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушылық жұмыс атқарды.
 
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының доценті қызметін атқарушы болып жұмыс жасаған. Қазірде аталмыш кафедраның меңгерушісі міндетін атқаруда.
 
2011 жылы Катар мемлекеті Доха қасаласында «Байсалды ислам және дінаралық диалог» тақыбыры бойынша ғылыми семинарға қатысқан.
 
2013 жылы Франция Республикасы Париж қаласында ғылыми тағылымдамадан өткен және көптеген отбандық ғылыми жобалардың орындаушысы болған.
 
Марапаттары:
 
ҚР Мәдениет және спорт министрі, Дін істер комитеті, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ алғыс хаты
2014 ж. Астана қаласы, дін проблемаларын зерттеу орталығының алғыс хаты
2016 ж; ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істер комитетінің грамотасы
2017 ж; Астана қаласының әкімдігінің алғыс хаты
2013, 2017 ж; ЕҰУ Ректорының құрмет грамотасы
2012, 2014, 2017 ж.; Қазақстан Республикасының ғылымын дамуытуға сіңірген еңбегі үшін БжҒМ  төс белгісі
2017 ж; Қазақстандағы діндарлықтың қалыптасуы тақырыбында зерттеулердің, Мораль және дін Астана, 2018.-214 б. оқулығының және «Исследовательский дизайн. Современные подходы к исследованию этнического и религиозного разнообразия» Астана, 2016.-155 с., «Этнокультурные центры ассамблеи народа Казахстана: взаимодействие этнирческого и религиозного в светском обществе». Астана: 2017.-197 с. Оқу құралдарының қосавторы және — 50-ге жуық ғылыми және ғылыми әдістемелік мақалалардың авторы
— Қазақ, Түрік, Араб және орыс тілдерін меңгерген.
 

Сұрақтарыңызды осы жерге жазуға болады. Қазислам сарапшылары сізге жауап береді

К. Тышхан туралы