@ctc-rk.kz

Қазислам порталы ғалымның ұсынысын  саясаттанушы Жанбота Қарашолақовтың қарсы пікірін де қоса жариялаған болатын. Енді бұл материалға Кеңшілік мырзаның өзі тез арада қайтара жауап берген екен. Соны оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.

Аса қадірменді інім — Жанбота!

   Мен де, сен де осы руханият саласында тәжірибелі мамандармыз! «Ұрпағыңды дүниеге әкелген екенсің, они баули да біл!» — дейді Ғабиден Мұстафин. Сондықтан отыз жылға жуық тәуелсіздігіміз бен мемлекетті құрушы ұлт ретінде рухани-адамгершілік құндылықтар пәнін енгізетін кез жетті.

   Сіз тарих, өзін-өзі тану, дінтану пәндерінің құрамында болуы керек деген екенсіз, бірақ ол мүмкін емес. Өйткені қолданыстағы заң бойынша мемлекеттік мекемелерде дін уағыздалмайды. Біз балаларға ненін терс екеін айтамыз, бірақ қай жолмен жүру керектігін айта алмаймыз. Сондықтан дінтану пәні өзінің енгізілу мақсатын ақтаған жоқ деуге толық негіз бар.

   Одан да халқымыздың ішнен шыққан талай даналарымыздың еңбектеріндегі ұлттық бояуы қанық құндылықтарымызды жасөспірімдердің санасына сіңірсек, әрі жаһандануға жұтылмау үшін, әрі халықтың салты мен санасын, әдеті мен ғұрпын мансұқтайтын ағымдарға кіруіне рухани тосқауыл болары анық.

   Діни адасушылықтың түп қазығы — рухани жұтаңдық. Екіншіден, теріс ағым өклдерімен жұмыста да тәжірибені көріп отырмыз. Нақты сала бойынша елімізде саусақпен санарлық білікті мамандар бар (Кейбіреуі жағдайды пайдаланып қымбаттап кетті, ақша бермесең аузын ашпайды). Радикализм мен экстремизм бойынша сотталғандармен де солар жұмыс жасап, бетін бері бұруға талпынады.

   Бірақ қазір нақты қанша адам қайтып, қанша адам кетіп жатқанын түсіну қиын, біреуінің бетін бері қаратқанда (жабылып жүріп, айлап жұмыс жасап) екеуінің беті ары қарап кетіп жатыр. Олар мемлекетке тиесілі мекемеде жұмыс жасамайтындықтан, олардың райынан қайтару — құмға су құйғанмен бірдей. Сондықтан бұл жұмыстың ұшы-ұшпағы көрінбейді. Өзіңіз айтқандай жиналып, сұхбат құрып, бостандықта қатары артып жатыр.

   Жалпылама оңалту тетігі жоқ. Аймақтарға барғандағы АТТ мүшелерінің барлығы дерлік осы проблеманы көтереді. Оларды міндеттеп оңалту, теологиялық бағдар беру жолы болмағандықтан әркім өзінше атқаруға тырысуда.

   Әрі сіз лагер құруға қаражат кетеді деген екенсіз, онсыз да экстремизммен күреске миллиардтап қаржы бөлініп жатыр ғой. Нәтижесіз кездесулер мен есеп үшін жиындардың санын азайтып, мақсатты жұмсалатын болса, аса қыруар қаржы кетпесі анық.

   Ал шоқыну бойынша менің пікіріммен сабақтас ой айтыпсыз. Сондықтан мамандар болып, сала бойынша жауапты мекемелер болып бұрыңғы ескі ұстанымдар мен, шараларды қайта қарайтын уақыт келген тәрізді.

   Мақсат ел тыныштығы мен ұрпақтың жарқын болашағы болса, бәрін атқаруға болады. Ал бүркітке шырға тартқандай екеуін де жіберіп қойып қарап отырамыз десе… (ұрпақ бізді кешірмес).

Кеңшілік Тышханұлының бұл уәжіне қатысты Жанбота Жолдасұлының немесе өзге де тұлғалардың пікірі болса, Қазислам порталы жариялауға дайын. Ашық пікірталас ретінде ойыңызды білдіріңіз, құрметті оқырман.