Катар OPEC-пен қош айтысып барады

    156

    Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (OPEC) шығатынын мәлімдеді. Бұл жайлы Катардың Энергетика мәселелері жөніндегі министр Сағд бин Шарида әл-Қаади Дохада өткен баспасөз мәжілісінде хабарлады.

    «OPEC-тен қаңтар айынан бастап кетеміз. Шешімімізді таңертең мәлімдедік. OPEC мүшесі болмаған мемлекеттер секілді біз де барлық міндеттерге бойұсынамыз», – деді министр.

    Катар – 1961 жыдан бері OPEC мүшесі. Күніне 656 мың баррель мұнай өндіреді. OPEC-тің құрушы мүшелері: Сауд Арабиясы, Иран, Кувейт, Ирак және Венесуэла.