Маида сүресінде не туралы айтылған?

    59

    Маида сүресінің 90-аятында: «Ей иман еткендер, ішімдік, құмар, пұттар және бал оқтары тек шайтанның лас ісі. Сондықтан сендер бұда сақтаныңдар, мақаттарыңа жетесіңдер» -делінеді. Дінде бір ойынның құмар ойынына жатуы үшін оның ақша немесе мал беделіне ойналыуы қажет. Егер ақша тігілетін болса барлық ойын түрі құмар ойындарына жатады. Құранда «мәйсир» сөзі оңай жолмен пайда табу деген мағынаны білдіреді. Діннің шарттарында ойынның құмарға жатпауы үшін а) намаздың кешігуіне, өтіп кетуіне себеп болмауы ә) ешқандай пайдаға негізделмеуі б) ойын кезінде тілін жаман сөздерден сақтауы в) уақыттың ысырабына жол ашпауы сияқты шарттармен рұқсат етіледі.

    Енді осы шарттарды назарға алатын болсақ, барлық құмар ойындары бастабында уақыт өткізу үшін, ермек үшін ойналатындығын. Кейіннен  құмарға салыну қаупін тудыратындығын көбіміз білеміз. Тіпті отбасындағы табысын, затын, мүлкін сатып ақырында отбасылардың бүлінуіне соқтырып жатқан жағдайлар аз емес. Әрі адамның жетілуіне, қабілетін дамытуға бағытталмаған ойындар уақытты зая кетіруден басқа ештеңе емес. Сондықтан мүмкіндігінше ермек үшін болса да құмарға апаратын ойындардан аулақ болған абзалырақ.

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    Пікір жазу