Ислам әдебиеттерінің көрмесі ашылды

    357

    Орал қаласында Тәжиден Батырұлы мешітінің ұйымдастыруымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рамазан – рухани жаңғыру айы» атты Ислам әдебиеттерінің көрмесі ашылды.

    Көрменің мақсаты — жасөспірім балаларды Ислам әлемімен таныстыру, Рамазан айын ұлықтау және жастарды дәстүрлі діни бағытымызбен таныстыру.

    Көрмеге қойылған әдибиеттердің ішінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ұлы дала төсіндегі ислам»,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің бастамасымен жарық көрген «Ұлы дала темірқазығы»  атты кітаптар да бар.