Ислам құлақ тесу туралы не дейді?

    1572

    Шариғат ғалымдарының пікірінше әшекей тағу үшін қыз баланың құлағын тесуге болады.

    Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде құлақтарына әшекей таққан әйелдер туралы айтып өткен. Жалпы, хадистерде қыз баланың құлағын тесу туралы айтқан үкім жоқ болғанымен Алланың елшісі (с.ғ.с.) әйелдердің құлақтарына сырға тағатынын көріп, білген. Бірақ тыйым салмаған.

    Ал, ұл баланың құлағын тесу мәкрүһ, ұнамсыз іс. Қыз баланың құлағын тесу оның мүддесі үшін, ал ұл баланың құлағын тесудің еш мәні жоқ.