Ислам жасанды түсік жасатуға қалай қарайды

    491

    Адам өмірін қорғау мемлекеттің әрі барлық діннің қағидалары және басты мақсаттарының бірі болып табылады. Бұған қосы, жеке тұлғалардың қадір-қасиеті мен олардың құқықтарына қол сұқпау да басты назарға алынады.

    Ислам дінінде адам өміріне зиянды істер мен тыйымдарда қандай да бір мұқтаждық болса да екінші бір адамның өміріне қол салуына рұқсат етпейді. Рұқсат еткені жайында қарсы бір дәлел де жоқ.

    «Өмір сүру құқығы» ауыса алатын немесе басқасына бере алатын құқық емес, сондықтан әр пенде өз өміріне жауапты. Бұл жайында Құран мен Пайғамбарымыздың хадистерінде баяндалған [1]. Сонымен қатар «өмір сүру құқығында» адамның жаны мен дене мүшесі Алланың аманаты екенін әрі жаны мен дене мүшесі меншік құқығына жатпайтынын білдіреді. Ислам дінінің сенімінде, пендені жоқтан бар етіп жаратқан Алланың меншігінде [2].

     «Ана жатырындағы нәресте» болса жатырда уақытша күтілетіні және сол жерде дене бітімінің жетілетінін білдіре келе [3] адамның жаратылысындағы кезеңі жайында былай деп баяндалады Құран Кәрімде: “Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан [4]  жасадық. Ұйыған қанды кесек ет [5] жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық» деген аяты [6] адамның қалай адам түріне келетінін және ана құрсағындағы алғашқы ұрықтанғаннан бастап әрбір кезеңнен кезеңге өтіп адам болып жаратылғанын баяндайды.

    Жағдай осындай болған соң жатырдағы жаны бар ұрықтың қозғалтылуы, принципте Алланың қалауына қарсы бір әрекет, адамға қарсы жасалынған зұлымдық және аманатқа қиянат жасау болып табылады. Бұл әрекет барлық дінде үлкен күнә ретінде қарастырылса, мемлекеттік құқықта да қылмыс болып табылады. Ислам құқық шыларының барлығы жатырдағы жаны бар түсіктің тасталуын “қылмыс” деп бағалап бұндай іс-әрекетке барғандарды жазалап отырған. Бұл үкім ислам құқық кітаптарында, бүкіл ғұламалардың бір ауыздан мақұлдаған сирек кездесетін мәселелер болып бекітілген. Еврей діні мен Христиан дінінде де түсік тастау тиым салынған іс және ауыр күнә болып есептелінеді.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    [1] Маида 5/32,  Исра 17/33 ; Фурхан 25/68,  Бұхари, “Худуд” 9; Муслим, “Хаж”, 19.

    [2] Қараңыз, Бақара 2/156; Хижр 15/23; Нәжм 44/53; Қаф 50/43; Рахман 55/3.

    [3] Мүминун 23/12-13

    [4] “Ғалақа (Ұйыған қан)” еркектің спермасымен ұрықтанған жұмыртқадан, бір апта көлемінде пайда болған клетка шоғырының, жатыр айналасына жабысып көмілген пішіні.

    [5] “Мудға (Кесек ет)” ұрықтың үстінде тіс пішінін еске түсіретін әлі ағзалары болмаған пішін.

    [6] Мүминун 23/12-14; қараңыз, Хаж 22/5

    Бердалиев Исатай

    Пікір жазу