Ислам бойынша дұрыс емес есімді ауыстыру керек пе?

    156

    Хадисте пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қиямет күні өздеріңнің және әкелеріңнің атымен шақрыласыңдар. Олай болса жақсы есім қойыңдар!» (Бұари, Әдеп 108) дейді. Дүниеге сәби әкелген ата-ананың басты міндеттерінің бірі балаға дұрыс, өскен кезде ұялмайтындай, діннің сенімдеріне қайш келмейтіндей ат қою. Сахабалардың арасындағы ескі пұттарға қатысты қойылған есімдер ислам келгеннен кейін пайғамбарымыз тарапынан өзгертілген болатын. Себебі, адамның есімі дінің қағидаларына қайшы келмеуі қажет. Яғни Алланың өзіне тән есімдері тікелей адамға берілмейді. Алланың сипаттары берілсе алдына әбді (құл) тіркесімен беріледі. Ғабдулла, Әбдікәрім т.б. Ал сұрақта мысал берілген Әбдірасіл, Абду-Расул сияқты есімдерге келсек, бұл есімдер де (пайғамбардың құлы) деген мағына беретіндіктен діннің сеніміне қайшы саналады. Алайда қазақтардағы бұл есім діни мәтіндерден алынған, яғни  (аудуһу уә расулуһу) оның құлы және елшісі деген мағынада пайғамбарымызға айтылатын сөзден туындағандығы байқалады. Сағд бин Әби Уаққас есімді сахаба есімі тілімізде Сәдуақас болып қысқарғаны тәрізді, бұл сөз де солай қысқарған болуы мүмкін. Бірақ бұл есім тікелей күпірлікке түсірмейді. Яғни надандық дәуріндегі Лат, Манат, Ұзза сияқты пұттардың құлы деген мағынаға келетін есімдермен тең саналмайды. Сондықтан, пайғамбарға құрметтен қойылған деп қабылдаған жөн.

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    Пікір жазу